Құтқарушылар спортты дәріптей алады

Құтқарушылар спортты дәріптей алады

Спорт федерациялары абырой-бедел жинайтын құрылымға айналып кетті. Көбін ірі бизнес өкілдері және мемлекеттік мекеме басшылары басқарып отыр. Сөйте тұра кәсіпкерлер қоғамдық маңызы бар іске өз қаржысын салуға құлықсыз. Бүгін Президент құтқарушыларды құттықтау жиынында спорт ұйымдарын сынға алды. Төтенше жағдайлар министрлігіне федерациялармен өзара байланыс орнатып, белсенді жұмыс істеуді тапсырды. Өйткені құтқарушылар қоғамда спортты дәріптеуде үлгі болуы тиіс.