Америкалық компаниялармен келісім жасалды
Енді қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы аясында
атақты Смитсон институтында білім ала алады. Мұндай келісім Президенттің
Америка құрама шаттарына ресми сапары аясында жасалды. Ғылым және жоғары білім
министрі Саясат Нұрбек халықаралық арнамыз Silk Way-ге берген эксклюзивті
сұхбатында «Жастар енді бұл оқу орнында антропология, тарих, мәдениеттану,
дінтану секілді мамандықтарды меңгеретінін» айтты. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Нью-Йоркте
бірқатар трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және «дөңгелек үстел» форматында
кездесулер өткізіп, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

