Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

Президент Алматы қаласының әкімін  қабылдады

Жыл басынан Алматы қаласының экономикасына 1,5 трлн теңгеден астам қаржы салынды. Негізгі капиталға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 20%, ал жеке инвестициялар 30% ұлғайған. Өткен 11 айдың ішінде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13% артқан. Жалпы, ірі шаһардың экономикалық өсімі 6,5% деңгейінде болады деп күтілуде. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы  әкімі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп беріді. Ерболат Досаев жол-көлік инфроқұрылымын жетілдіру жөнінде де баяндады. 25 шақырым жаңа жол төселіп, 200 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Президенттің қаланы көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы ерекше бақылауда.  Бұл ретте Алматыдағы саябақтар аумағы 400 гектарға кеңейген. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис экономикасын одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту, ШОБ-ті қолдау шараларын күшейту және көлік саласын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.