Сенат академиялық ортамен меморандум жасасты

Сенат академиялық ортамен меморандум жасасты

Ел Парламенті заң дайындау үрдісіне академиялық ортаны тартуға ниетті.  Бұл мақсатта Сенат пен Maqsut Narikbayev University ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатта заңнамалық бастамалар әзірлеу барысында бірлескен сараптамалық диалог орнатып, талқылаулар өткізу көзделген. Онда  тараптардың консультациялық-сараптамалық әріптестігіне қатысты ережелер қарастырылған. Жоғары палата спикері Әділетті Қазақстан құру жолында елге  жаңа формациядағы заңдар қажет, бұл ретте әлеуметтік топтардың пікірлері барынша ескерілуі тиіс екенін тілге тиек етті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-
Заңнамалық жұмыстарға жаңа тәсілдер мен тетіктерді енгізу қажет. Бұл ретте Жобалық басқарудың маңызы зор. Ол арқылы біз заң жобаларын әзірлеуге құзыретті мамандарды жұмылдыра аламыз. Яғни бірқатар жаңа заң әзірлеуге септігі тиеді. Сол арқылы заңдардың өзектілігі мен сапасы артады.