Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды. Президент көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ, заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша Президент Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейтуді міндеттеді.