Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік
күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Президент
бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және
демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті. «Мен
екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды
тағы да растаймын. Сондай-ақ, халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты
ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.

