Қ.Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады. Асламбек Мерғалиев
сот жүйесі қызметінің былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берді. 2024 жылы
қаралған істер мен материалдар саны ұлғайған. Кейінгі 5 жылдағы сот төрелігін
жүзеге асыру сапасының ең жоғары көрсеткіші тіркелді. Атап айтқанда, жергілікті
соттардың сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылды.
Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны екі есе өскен. Ал,
материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы
роботты техниканы қолдану арқылы қаралды. Мемлекет басшысы заң үстемдігін
қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңызын атап өтті.

