Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

Трамп әкімшілігін сотқа берушілердің қатары күн санап артып келеді. Бұл жолы кезек әйгілі Гарвард университетіне келіпті. Тараптар арасындағы текетіреске университеттің DEI саясатымен байланысты барлық бағдарламаларын тоқтату және кампус аумағында маска тағуға тыйым салу талаптарын қабылдамау себеп болған. Бұған жауап ретінде Ақ үй Гарвардқа бөлінетін федералды қаржыландыруды 9 млрд доллардан 2,2 млрд долларға дейін қысқарттып тастаған. Әрі университетті салық жеңілдіктері мен шетелдік студенттерді қабылдау мүмкіндігінен айырамыз деп қорқытқан. Айта кету керек мұндай талаптар тағы бірнеше университеттерге, соның ішінде Принстон мен Колумбияға да қойылған. Бірақ әкімшіліктің әрекетін сотқа бірінші болып  Гарвард университеті болды.