Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент тоғыз мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады. Осылайша дипломаттардың Қазақстандағы қызметі ресми түрде басталды. Бізге инвестиция және саяси диалог бағытында ықпалдастықты нығайту керек. Сол сияқты әр елдің өз ұстанымы бар.
Тоғыз елші Елордаға келді. Ақордаға енді. Тоғызы өз
мемлекеттері мен Қазақстан арасында алтын көпір орнатады. Ақорда дипломаттарды
сән-салтанатымен қарсы алды. Өздері де көк туға бас иіп, құрмет көрсетті.

