Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
Кейінгі 10 жылда Еуропа Одағы Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне және
шетелдік инвесторына айналды. Халықаралық арнамыз Silk Way-ге берген эксклюзив
сұхбатында Антониу Кошта осылай деді. Еуропалық кеңес президентінің сөзінше,
тараптар алдағы уақытта тағы бірқатар салада байланысты нығайта алады. Атап
айтқанда, көлік логистикасы, су ресурстарын басқару, цифрландыру және
энергетикада бірқатар жұмысты бірлесіп атқаруға болады деді Антониу Кошта.
Антониу Кошта, Еуропалық кеңес президенті:
- Еуропалық Одақ Қазақстанның бірінші инвесторы және бірінші сауда
серіктесі болды. Ал, Қазақстан маңызы
жөнінен үшінші мұнай және уран тасымалдаушы ретінде біздің экономикалық
қауіпсіздігіміздің негізгі элементіне айналды. Дегенмен бізді әлі көп жұмыс
күтіп тұр. Бұл сапар серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік.

