Облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет – Қ. Тоқаев

Облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет – Қ. Тоқаев

Халықтың сенімін нығайту үшін Мәслихат жұмысы пен облыс әкімдерін тағайындау тәртібіне өзгеріс керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін Мәслихаттарға баса мән берген жөн. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», – деді Президент.