Президент Түрікменстанға ресми сапармен барды
Ашхабадта Абай ескерткіші ашылды. Салтанатты шара
Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапарына орайластырылған. Қасым-Жомарт
Тоқаевты әуежайдан әуелі Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы
Бердімұхамедов күтіп алды. Олар саяси, сауда-экономикалық және
мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтың басым бағыттарын талқылады.

