Сенатор С. Ершов мәлімдеме жасады

Сенатор С. Ершов мәлімдеме жасады

Үкімет төтенше жағдай мен су тасқынын жоюға ғана емес, оның алдын алуға бағытталған жүйелі және кешенді шараларды атап көрсетуі тиіс. Сенатор Сергей Ершов осындай депутаттық сауалмен баяндама жасады. Ол қазір елдегі гидротехникалық құрылыстардың жартысына жуығы апатты жағдайда екенін және жөндеу мен жаңғыртуды қажет ететінін атап өтті. Сенатор су тасқынының алдын алу мәселесі еліміздің қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі екенін жеткізді. Бұл ретте, жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеуді тездету қажеттілігі де назардан тыс қалмауы керек.

Сергей Ершов, ҚР Паламенті Сенатаның Депутаты:

– Палатаның 2022 жылдың 14 сәуірі өтетін кезекті отырысында біздің депутаттық сауалды қарағандығы және оның нәтижесі туралы ауызша жауап беруді сұраймыз.

Бұл ретте Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің бірқатар өңірлері су тасқыны мен көктемгі су басудың салдарына тап болағанын айтты. Ал жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер бұл жағдайға дайын болмаған. Сенат Төрағасы бұл маңызды мәселені өз бақылауына алуды орынбасары Ольга Перепечинаға тапсырды.