Президент Американың ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Қазақстан Boeing компаниясынан жаңа ұшақтар сатып алады.
Осылайша Air Astana және SCAT әуе компаниялары авиация паркін жаңартпақшы.
Мұндай келісім Президенттің АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек
үстелден» кейін жасалды. Жалпы Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында
қазақстандық компаниялар әлемнің ірі корпорацияларымен құны 5,2 миллиард доллар
болатын 11 құжатқа қол қойды. Бұл келісімдер көлік-логистика, энергетика және
ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық
маңызды салаларды қамтиды.

