ШЫҰ форумы Чунцинде өтуде

ШЫҰ форумы Чунцинде өтуде

Оған оффлайн және онлайн форматта 18 елдің өкілдері қатысады. Форум панельдік сессиялар, түрлі пікірталастар және өзекті мәселелерді талқылау түрінде өтеді. Талқылаулар озық технологиялармен ғана емес, ШЫҰ елдерінің жалпы дамуымен де байланысты болмақ.

Олим Алимов, ШЫҰ елдеріне арналған көпфункционалды сауда-экономикалық алаңның бас хатшысының орынбасары:

- Менің ойымша, платформаны неғұрлым көп бөлісетін болсақ, соғұрлым барлық ел үшін ашық болады. Бұл бір жағынан тәжірибені зерттеуге жақсы. Екінші жағынан белгілі бір әрекеттерді жасау үшін керек. Біздің елде бар технологиялар басқа мемлекеттерде де бейімделіп, ШЫҰ өңірлерінің шеңберінде жұмыс істеуі үшін қолайлы болады.

Чунциндегі форуммен қатар «Smart China Expo-2021» көрмесі ұйымдастырылды. Стендтердің жалпы ауданы – 70 мың шаршы метр. Мұнда жасанды интеллект және басқа да жаңа технологиялар саласындағы жобаларды жасаудағы елдердің жетістіктерін көрсететін сандық ноу-хаудың алуан түрін көруге болады. Көрмеге барлығы 30-дан астам елден 610 халықаралық компания тартылған.

Ольга Голуб, SCE 2021 көрмесінің қатысушысы /Беларусь/:

- Чунцин – өте қолайлы жер. «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңызды бөлігі. Сондықтан осында өтіп жатқан көрме біз үшін өз өнімдерімізді таныстыруға жақсы мүмкіндік.

«Қытай-ШЫҰ» форумы аясындағы іс-шаралар цифрлық экономикаға, электрондық коммерцияға, зияткерлік туризм мен логистикаға, цифрлық арналарды дамытуға арналады. Сондай-ақ кездесулердің бір бөлігі өнеркәсіптік интернетті дамыту тақырыбына бағытталған.