Заңсыз кіргізілген автокөліктер ел бюджетіне 70 млрд теңге шығын әкелді

Заңсыз кіргізілген автокөліктер ел бюджетіне 70 млрд теңге шығын әкелді

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автокөліктерді заңсыз әрі жеңілдетілген тәртіппен әкелу Қазақстан бюджетін 70 миллиард теңгеден астам шығынға батырды. Азаматтар кедендік баж салығы мен алымдардан жалтару үшін түрлі айла тәсілдерді пайдаланған. Соның салдарынан мемлекетке айтарлықтай салықтық залал келтірілген. Аталған мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысында талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, «көлеңкелі» схемалар арқылы елімізге жалпы құны 805 миллиард теңгенің автокөліктері кіргізілген. Ішкі Істер Министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл Қазақстанға 38 мыңнан астам көлік әкелініпті. Олардың бірқатарында экологиялық талаптарға сай келмеу фактілері мен кедендік құнын төмендету жағдайлары анықталған. «Көлеңкелі» импортпен күресу үшін депутаттар елге әкелінетін автокөліктерге қойылатын техникалық талаптарды қатаңдатуды ұсынып отыр.