Сауалнама: халықтың 86%-ы Президентке сенеді

Сауалнама: халықтың 86%-ы Президентке сенеді

Халықтың 86%-ы Қазақстан Президентіне сенім білдіреді. Мұндай деректі Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жариялап отыр. Бұл көрсеткіш соңғы бірнеше жылда тұрақты түрде сақталып келеді. Сенімнің ең жоғары деңгейі жастар арасында тіркеліп отыр. Бұл - 90,1%. Сауалнамаға қатысқан респонденттер неғұрлым жас болған сайын, олардың Президентке сенімінде жаңашылдық пен өзгерістерден үміті зор, делінген хабарламада. Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенімнің жоғары деңгейі тек қана қала тұрғындары арасында ғана емес, ауыл тұрғындары арасында да сақталып отыр. Сондай-ақ, Президентке ерлер де, әйелдер де тең дәрежеде сенім білдіретінін айтқан.