Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшылары Қазақ-Қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.