Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы бизнес-форум өтті

Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы бизнес-форум өтті

Пәкістан мен оның теңіз порттарынна Қазақстан үлкен қызығушылық танытуда. Себебі, ол арқылы отандық өнімді Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға тасымалдауға жол ашады. Өз кезегінде ислам Республикасы үшін Қазақстан Еуразия нарығына шығу мүмкіндігін бере алады. Астанада қос тарап Қазақстан-Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық форумда өзара әріптестік болашағын талқылады. Онда екі елдің түрлі салалардағы 40 астам компаниясының өкілдері жиналды. Оның ішінде: химия, тігін өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен фармацевтикалық препарат шығаратын компаниялар бас қосты. Айта кетейік, биылғы жылдың 10 айында екі ел арасындағы тауарайналым көрсеткіші АҚШ валютасында шамамен 40 миллионға шақ келді. Алдағы уақытта қазақстандық өнім экспортын еселей түсу есебінен көлемді ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша, біздің өндірушілер Пәкістанға 21 жарым миллион долларға 40-тан астам өңделген өнім түрлерін жеткізе алады. Бұл жерде Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізі ерекше маңызға ие көліктік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту маңызды, дейді сарапшылар.

Ержан Қыстафин Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
-«Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамытуда Пәкістан басты рөл атқара алады, Пәкістанның өзі әлемдегі бесінші нарық болып табылады. 242 миллион адам бар. Бізге ең алдымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көлік бағыттарын дамыту қажет. Біз қолданатын негізгі принцип бірінші кезекте әртараптандыру. Бізде бірқатар бағыттар, біз жұмыс істейтін бірқатар опциялар бар. Басты міндетіміз - осы нарықты ашу және қолда бар әлеуетті көрсету.