Қ.Тоқаев Қазақстандағы компания басшыларын қабылдады

Қ.Тоқаев Қазақстандағы компания басшыларын қабылдады

Өткен жылы Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty компаниялары шамамен 50 мың автокөлік шығарған. Президентке Astana Motors компаниясының негізін қалаушы автомобиль өнеркәсібін дамытуға және оның жергілікті үлесін арттыруға бағытталған индустриялық жобаларды жүзеге асыру жайында мәлімдеді. Сондай-ақ, Нұрлан Смағұлов Қасым-Жомарт Тоқаевты Chery, Haval, Changan автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы елімізде 5G желісін енгізу барысымен де танысты. «Қазақтелеком» – ТМД кеңістігінде бұл технологияны іске қосқан алғашқы және жалғыз компания. Компания басшысы Қазақстанның өңірлік телекоммуникациялық хабқа айналуына мүмкіндік беретін ірі жобаны іске асыру туралы айтып берді.

 

Қуанышбек Есекеев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі:

- Мемлекет басшысы Транскаспий кабелін құру бойынша маңызды мәселені көтерді. Өздеріңіз білесіздер, биыл біз Каспий арқылы Транскаспий кабелін жобалауды бастаймыз. Бұл шамамен 321 км, ол екі жыл ішінде салынады.

 

Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар АҚШ-тағы АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Президент сондай-ақ Вячеслав Ким және Михаил Ломтадземен елге жетекші әлемдік инвесторларды тарту шараларын талқылады.