Премьер-Министр Үкіметтің нақты міндеттерін атады
Экономиканы қарқынды дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық беріледі. Премьер-министр Асқар Мамин жаңадан жасақталған үкіметтің алғашқы отырысында алға қойған негізгі міндеттерді айқындады.
Ол халықтың өмір сүру сапасын, және табысын арттыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалатынын атап өтті.
Сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға, инвестиция тартуға, жаңа технологиялар және экспортты дамытуға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылады.
Айта кетсек, Үкіметтің жаңа құрамында министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарған Біржан Нұрымбетовтың орнын Серік Шәпкенов басты. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовты Әсет Ерғалиев алмастырды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов