Шетелдік маркетплейстер салық органдарына тіркелуі тиіс
«Temu, Amazon, AliExpress тәрізді маркетплейстер де қосылған құн салығын төлеуі керек». Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай деді. Өйткені шетелдік онлайн сауда желілерінің кесірінен отандық өндірушілер зардап шегіп отыр. Олар 200 еуроға дейінгі тауарларды бажсыз әкелу құқығына ие. 2023 жылы шетелдік маркетплейстер 505 млрд теңгенің тауарын жеткізді. Бірақ бюджетке 24 млрд теңге ғана төледі, бұл айналымның 4,8%-ы ғана. Шетелдік маркетплейстердің қосылған құн салығынан жалтаруынан бюджет 60 млрд теңгеден айырылды. Сондықтан олар Қазақстанның салық органдарына міндетті түрде тіркелуі тиіс, - деді депутат.

