Қазақстан мен Иран өзара тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Иран өзара тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Иран тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтуға ниетті. 2022 жылы ол 528 млн-ға тең келген. Сонымен қатар өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында біздің еліміз  АҚШ валютасында 250 млн-ға 75 тауар позициясын Ислам Республикасының нарығына экспорттауға дайын. Дәнді және майлы дақылдарды жеткізуден басқа, Қазақстан ет өнімдерін жіберуге мүдделі. Өз кезегінде ирандық кәсіпорындар балық және сүт өнімдерін, бал, жемістер мен көкөністер, кептірілген жемістер мен азық-түлік тауарларын жеткізуге ниет танытып отыр. Айта кетейік, Қазақстан мен Иран сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, туризм салаларындағы мемлекетаралық өзара қарым-қатынасты табысты дамытуда. Сондай-ақ тараптар көлік-логистикалық серіктестікті  одан әрі кеңейтуді де жоспарлап отыр. Атап айтқанда, бұл  Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін дамытуға қатысты. Бұл бағыттағы негізгі буын Каспий торабы болуы мүмкін.