Қазақстан-Әзербайжан: Стратегиялық байланыс талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Сыртқы істер министрі
Джейхун Байрамовты қабылдады. Президент бұл сапар екі ел арасындағы
ынтымақтастықты ілгерілету тұрғысынан мәні зор екенін айтты. Әрі Әзербайжанды
сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз, – деді.
Джейхун Байрамов Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін
Қазақстанға Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.
Кездесуде ауқымды стратегиялық жобалар да қаралды. Атап айтқанда, Каспий
теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін
тарту мәселелері талқыланды.

