Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, бүгін Хабаровск – Тында бағытымен ұшқан АН-24 ұшағы қону кезінде апатқа ұшыраған еді. Алдын ала болжам бойынша борттағы 40-тан астам жолаушы мен 6 экипаж мүшесінің бәрі қаза тапқан.