О. Бектенов өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде жиын өткізді
Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы
шекараларындағы 9 өткізу пункті жаңғыртылады. Қазір олардың 4-де: Қапланбек,
Атамекен, Қалжат және Алакөлде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған бесеуі жыл
соңында пайдалануға берілмек. Бүгін Олжас Бектенов осы бағыттағы Президент
тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді. Премьер-министр кеден
қызметінің, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстан шекараларындағы автомобиль өткізу
пункттерін жөндеу мерзімдерінің кешіктірілуіне байланысты салалық министрліктер
жұмысын сынға алды. Енді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен
Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағалары жауапкершілікке
тартылады. Алдағы уақытта кеден қызметінің кадр құрамына, әсіресе өткізу
пункттеріне қатысты талаптарды қатаңдату, сондай-ақ интернет желісіне
қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша міндеттер қойылды.

