Қ. Тоқаевқа Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту жөнінде баяндалды

Қ. Тоқаевқа Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту жөнінде баяндалды

Мемлекет басшысының қабылдауында «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасы  Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту ісі  жөнінде баяндады. Мағзұм Мырзағалиевтің дерегінше, қазір Германия және Әзербайжан бағытына «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры арқылы шикізат жеткізіле бастады, сондай-ақ БАӘ-гі серіктестермен бірлесіп, танкер флотын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа тауарлық газ өндірісін арттыру және ішкі нарыққа мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жайында да мәлімет берілді. Сонымен қатар Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» теңіз жобасы мен ұлттық компанияның геологиялық барлау бағдарламасының жүргізілу барысы таныстырылды.

Президент «Бәйтерек» холдингінің басшысына бірқатар тапсырма берді  

 

Ал «Бәйтерек» басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешенін қолдау жұмыстары жөнінде есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың нақты секторын дамыту шеңберінде холдингтің ірі жобалар мен лизингтік мәмілелерді қаржыландыруы 24%,  микро, шағын және орта бизнестегі жобалардағы бұл көрсеткіштің жоспары 42% асыра орындалғаны айтылды. Қазақстанның Даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының желісі бойынша 300 жоба мен лизингтік мәміле қаржыландырылып, 1 трлн теңгеден астам қаржы игерілген. Бұл  – рекордтық көрсеткіш. Агроөнеркәсіп кешеніне 555 млрд теңгеден артық  инвестиция құйылып, жоспарланған көлемнен 11% артып түсті. Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров 2024 жылға арналған бастамаларға жіті тоқталды.

 

Нұрлан Байбазаров, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» ақ басқарма төрағасы:

Қаз. «Бәйтерек» басқарушы холдингінің басқарма төрағасы 00:27 Сонымен қатар, мемлекет басшысына холдингтің жаңа бастамалары мен бағдарламалары туралы айтылды. Сол бағдарламаларды жүзеге асырудың есебінен біз осы жылы холдингтің экономикаға деген үлесін 2 есе арттыруға жоспарлап отырмыз. Оның ішінде туризмды дамыту бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыру және өңдеу кәсіпорны бойынша жаңа бағдарламалар іске қосылатын болады. Сонымен қатар, холдинг халықаралық қаржы нарығында жұмысын жалғастырады. Мемлекет басшысы холдингтың жұмысының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.