Үлескерлік құрылыс мемлекет бақылауында болады

Үлескерлік құрылыс мемлекет бақылауында болады

Үлескерлік құрылыс мемлекет бақылауында болады. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Ведомство қазір, осы жоспарды жүзеге асыру қамында арнайы жоба дайындап жатыр. Оның мақсаты - баспаналы болам деушілерге мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсету. Сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға да ерекше көңіл бөлінбек.

Қанат Шарлапаев,  ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
-Біз мемлекеттік үлескерлік құрылысқа қатысу үшін талаптардың біразын алып тастап жатырмыз. Мақсатымыз құрылыс компанияларын бақылау мен қатар, азаматтар үшін тиімділігін арттыру. Сондықтан, баспана алуға ниет білдіргендер үшін шекті талаптарды азайтуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, барынша көп адамдар мемлекеттік кепілдеме бағдарламасына қатыса алады.