Президент мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент мемлекеттік наградалармен марапаттады

Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Көп ұзамай еліміз Тәуелсіздігін алды. Республика күні 2001 жылдан мемлекеттік мереке ретінде тойланып келді. Алайда 2009 жылдан кейін атаусыз қалды. Ал, 2 жыл бұрын Президенттің Жарлығымен «Ұлттық мереке» мәртебесі берілді. Осылай елдің басты мейрамы ретінде қайта жаңғырған. Бұл күні Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқандардың еңбегі еленіп, мемлекеттік наградалар табысталады. Бүгін де мейрам қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматтарды Ақордаға шақырып, марапатпен мерейлерін үстем етті.