Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне міндеттер қойды

Ауыл шаруашылығы саласын 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығару, соның ішінде саланың  жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру,  мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, егіс алқаптарын әртараптандыру, ауыл ғылымды дамытуға бағытталған құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізу. Қасым-Жомарт Тоқаев сала министріне осында тапсырмаларды жүктеді. Айдарбек Сапаров Президентке еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-
Егін жинау науқаны туралы баяндадым, қандай қиыншылықтар болды, зардап шекккен шаруашылықтарға қандай көмек мемлекет тарапынан болатынын айттым. Одан басқа АШМ одан әрі дамыту туралы жоспарды баяндадым, оның ішінде қандай өзгерістер, ауылшаруашылығы кешенді дамуты концепцияға кірілетін болатын толықтырулар болады, соны қалай ары қарай дамытамыз осы туралы баяндап өттім. Мемлекет басшысы тапсырма берді. Біраз міндеттер қойды. Сол міндеттерді атруға жұмыс жасайтын боламыз.