AIF-2025: 5 мың қатысушы, 600-ден астам қонақ келген форум

AIF-2025: 5 мың қатысушы, 600-ден астам қонақ келген форум

5 мың қатысушы. 600-ден астам құрметті қонақ және 160-қа жуық арнайы шақыртылған спикер бар. Астана халықаралық форумының ауқымы қаншалықты үлкен болғанын осы цифрға қарап-ақ бағдарлауға болады. 25 пікірталас алаңы ұйымдастырылған жиында «Энергетика және климаттың өзгеруі», «Экономика және қаржы», «Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік» сынды жаһандық мәселелер көтерілуде. Әлемдік бақ беттерінде - «Мазмұнды диалог орнатып батыл қадамдар» деп шараға баға беріліп жатыр.