Тауардың өндірістен тұтынушыға дейінгі жолы бақылауда болады
Енді елде тауардың өндірістен түпкі тұтынушыға дейінгі
жолы бақылауда болады. Осы мақсатта Қазақстанда «Сауданың цифрлық айнасы» жобасы
жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі
Арман Шаққалиев мәлімдеді. Яғни, тауар тасымалы цифрлық форматта қадағаланады.
Бұл бір жағынан тауардың уақытылы жеткізілуін, екіншіден есеп жүйесінің
ашықтығын қамтамасыз етеді.

