Ауыл әкімдері халықпен кері байланысты күшейтуі керек
Ауыл әкімдері халықпен кері байланысты күшейтуі қажет. Осылайша тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, бюджет қаражатын тиімді пайдалану тетіктерін меңгеруі міндет. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет өткен «Ауыл әкімдерінің форумында» айтылды. Жиынға барлық елді мекеннің әкімдері мен депутаттар қатысты.

