Ұлытау облысының бюджеті 27,8 млрд теңгеге өскен
Биыл Ұлытау облысының бюджеті 27,8 млрд теңгеге өскен.
Ауыз су бағдарламасымен 51 шақырым құбыр салынып, 3,5 млрд теңгеге 3 мыңға жуық
бейнебақылау камерасы орнатылған. Енді инфрақұрылымдар тағы реттеліп, жаңа
кәсіпорындар ашу жоспары бар. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтың
қатысуымен өткен арнайы брифингте осындай мәліметтер айтылды. Әкім
инвестициялық ахуал жөнінде жоспарымен бөлісті.

