Мемлекеттік қызметті оңтайландырудың бір жолы - жасанды интеллект

Мемлекеттік қызметті оңтайландырудың бір жолы - жасанды интеллект

Елімізде мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект дағдыларын жетік меңгеруге тиіс. Өйткені салада қағазбастылықтан арылу процесі қарқынды жүріп жатыр. Арнайы бағдарлама аясында жыл сайын шамамен 30 мың мемлекеттік қызметкерді оқыту жоспарланған. Алайда жасанды интеллектіге жаппай көшу үшін нормативтік және техникалық талаптарды реттеп алу керек. Өзге елдердің тәжірибесіне сүйену қажет. Бүгін осы мақсатта Астанада халықаралық GovHR форумы өтті. Іс-шараға дамыған және дамушы елдердің мамандары қатысты.