Түркиядағы жарылыс: Қасым-Жомар Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
«Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестпін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Абырой болғанда Түркиядағы жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы еліміздің Ыстамбұлдағы Бас консулдығы хабарлайды.
Айта кетейік, Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың берген мәлімдемесіне сәйкес Истикляль көшесіне бомба қойды деген адам ұсталды. Кеше Ыстамбұл орталығында жарылыс болып, салдарынан 6 адам қаза тапты. 81-і түрлі деңгейде жарақат алды. Елдің Вице-президенті Фуат Октай жарылыс террорлық әрекет деп танылғанын айтады.