Президент күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

Президент күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы байланыстарды нығайту  мәселелері талқыланды. Президент Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы қарым-қатынастардың даму қарқынын оң бағалады. Сондай-ақ, сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика және цифрлық трансформация салаларындағы байланыстарды тереңдетудің маңызын атап өтті. Тараптар алдағы уақытта өңірлік күн тәртібінің барлық бағыты бойынша диалог пен өзара ықпалдастықты ілгерілетуге дайын екенін растады. Айта кетейік, әңгімелесуге Еуропа тарапы бастамашы болды.