Сарапшылар: Қазақстанда өткен парламенттік сайлау – ел дамуындағы жаңа кезең
Парламенттің жаңартылған құрамы елдегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды қамтамасыз ету үшін инновациялық шешімдерді іздеуге басты назар аударатын болады. Сарапшылар өткен сайлаудан кейінгі елдегі жағдайдың қалай болатынын болжағаны жөнінде, әлемдік экономика және саясат институтының өкілі Ерлан Мәдиев айтып берді.
Саясаттанушы ерекше рөл нақ осы заң шығару жүйесіне, нақтырақ айтсақ, халық сенімінің жаңартылған мандатына ие болған депутаттарға жүктелетініне сенімді. Сондай-ақ парламентте жастар мен әйел адамдардың көбірек болуы – маңызды факторлардың бірі.
ЕРЛАН МАДИЕВ, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЭСИ САРАПШЫСЫ:
- Парламент депутаттарының алдында дағдарысқа қарсы саясаттың басымдықтарымен белгіленген жаңа міндеттер тұр. Заң шығарушы органның жалпы жұмысы жақсара түспек. Яғни, өткен жылы Президент Жолдауында айтылған міндеттер, оның ішінде атқарушы және заң шығарушы билік арасындағы жауапкершілікті теңдестіру қажет екендігі. Себебі карантин кезінде құқықтық жүйенің қасаңдығы қолбайлау болып, жұмысты қатты тежегені жасырын емес.