Шетелдік сарапшылардың Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы пікірі

Шетелдік сарапшылардың Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы пікірі

Президент Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық берді. Бұл үдерісті тереңдетпесе, саяси жаңғыруды табысты жүргізу, азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес, - деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаевтың көптеген жылдарға созылып кеткен бұл проблемаға басымдық беруі ел болашағы үшін аса қажет қадам, дейді америкалық сарапшы Фредерик Старр. Президенттің Жолдауда жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесін қалыптастыру үшін нақты бір шешімге келіп, бел шеше кіріскенін құптаймын, дейді ол.

Фредерик Старр, Вашингтондағы Орталық Азия институтының негізін салушы:

– Президент келер айларға ғана емес, ұзақ жылдарға арналған мемлекетті дамыту жөнінде кеңінен айтыпты. Біріншіден президенттің тәуелсіз сот жүйесіне басымдық береміз дегеніне назар аударар едім. Онсыз зайырлы мемлекетті елестету мүмкін емес. Содан кейін Парламенттің рөлі мен депутаттар сайлауына да басымдық беріп өткен. Бұл қадамдар Қазақстанда жаңа буын өкілдерінен шыққан саяси лидерлерге жол ашады деген үмітім бар. Оларға деген жаңа мүмкіндіктің ашылғанын байқаймын.