Қ.Тоқаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қ.Тоқаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесу барысында мәлімдеді. Сонымен қатар қос тарап сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Бұдан бөлек халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Әңгімелесуде мемлекет басшылары биыл қараша айында Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жиын түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін маңызды қадам болмақ.