Президент Анталия дипломатиялық форумына қатысады

Президент Анталия дипломатиялық форумына қатысады

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумына қатысады. Қасым- Жомарт Тоқаев мұны Түркия Вице-президентімен кездесуде растады. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарын ғана емес, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқылады. Бұл Джевдет Йылмаздың елімізге алғашқы жұмыс сапары. Сондықтан Президент оған ерекше ілтипат білдіріп, Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.