Үкімет: үш жылдық бюджет жобасы мақұлданды
Бюджет шығыны 2 триллион теңгеге ұлғаймақ. Бүгін
министрлер кабинеті 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі
әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, сондай-ақ алдағы 3 жылға арналған
республикалық бюджет жобасын мақұлдады. Сонымен, келер жылы кіріс пен бюджет
тапшылығын қоса есепке алғанда бюджет 27 триллион теңгенің басын құрауы тиіс.
Ал 2028 жылға оның көлемі 29 триллион 700 миллиард теңгеге дейін өспек.
Әдеттегідей, шығынның басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалады. Мұнда
Премьер-министр Олжас Бектенов шығыстарға қатаң бақылау жасауды тапсырып
отыр.

