Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров шағын құрамда кездесті
Қазақстан соңғы 20
жылда Қырғызстан экономикасына 1,4 млрд доллар көлемінде инвестиция салған. Бұл
қаражат бауырлас елдің бірқатар маңызды секторын дамытуға жұмсалыпты. Ал былтыр
қазақ-қырғыз арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд долларды құраған. Ендігі
байланысты 3 млрд долларға дейін ұлғайту жоспары құрылып отыр. Президенттің
Қырғызстанға ресми сапарында тағы қандай мәселелер қаралды?

