Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады. Жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин мен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейнебайланыс арқылы қатысты. Ал, кеңейтілген құрамдағы отырыста одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды. Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды