Сербия президенті Астана мен Белград ынтымақтастығының жаңа күн тәртібі туралы

Сербия президенті Астана мен Белград ынтымақтастығының жаңа күн тәртібі туралы

Алдағы 5 жыл ішінде Қазақстан мен Сербия тауар айналымын бір миллиард долларға жеткізбек. Бұл туралы халықаралық арнамыз - Silk Way-ге берген сұхбатында Александр Вучич айтты. Оның сөзінше, екі ел болашақта бірнеше салада байланысты күшейтпек. Сербия басшысы ауыл шаруашылығы, энергетика, жасанды интеллект, технология сияқты бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясатта маңызды қадамдар жасап отырғанын атап өтті.

Александр Вучич, Сербия Президенті:

- Екі мемлекетте те көпвекторлы саясат жүргіземіз. Мемлекет басшыларыңыз көреген, елінің мүддесін бәрінен жоғары қояды. Ол Қытаймен ынтымақтастықты дамытып, Еуропалық одақпен сауда, экономикалық және саяси байланыстарды нығайтып, Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп келеді, жуырда бұл бағытта батыл әрі маңызды қадамдар жасалды. Сонымен қатар Ресеймен дәстүрлі байланыстар мен достық қатынастар сақталған. Біз де осы саясатты  ұстанып отырмыз. Мен сіздердің президенттеріңіз бен жоғары саяси басшылықтарыңызға - шынайы түрде тәнтімін, өйткені олар көпвекторлы саясатты жай ғана жариялап қоймай, оны дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.