Қазақстанмен әріптестік өте маңызды - Мирьяна Сполярич

Қазақстанмен әріптестік өте маңызды - Мирьяна Сполярич

Гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайды. Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричті қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Кездесу барысында Президент ұйымның бейтарап мандат негізінде әрекет ететіне ерекше тоқталды. Әрі, ұйым дүние жүзіндегі гуманитарлық ынтымақтастық жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын айтты. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама көтерген алты мемлекеттің бірі саналады. Тараптар кездесу барысында, халықаралық және гуманитарлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Ұйым арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады. Сондай-ақ, жыл соңында Иорданияда өтетін жоғары деңгейдегі Конференцияға дайындық мәселелеріне тоқталды. Мәртебелі мейман, комитет қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.