Қазақстан ЕО-мен виза режимін жеңілдету бойынша келісімді жалғастыруда

Қазақстандық дипломаттар Еуроодақ елімен визалық режимді жеңілдету жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтқанда, қажетті құжаттар тізбесін, өңдеу уақытын қысқартуды, визаның қолданылу мерзімін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ел Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің брифингі барысында белгілі болды. Айбек Смадияровтың айтуынша, тараптар екі келіссөз кездесуін өткізді. Оның алғашқысы Брюссельде, екіншісі Астанада ұйымдастырылды. Қыркүйек айының соңында өткен соңғы кездесуде еуропалық елшіліктердің өкілдері бұл процеске үлкен қызығушылық танытқанын растады. Бірақ нақты мерзімдері жоқ.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
-Естеріңізде болса, көктемде Сыртқы істер министр Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапарымен барды. Онда Еуропалық одақтың виза мәселесі бойынша жауапты жоғары лауазымды өкілдерімен кездесу өтті. Нәтижесінде еуропалық тарап бізге виза алуды жеңілдету бойынша саяси келісімге қол жеткізілді. 27 мемлекет бар. Бұл оңай емес. Осының барлығын еңсеріп, визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келу керек.