Халықаралық сарапшылар киіктер популяциясын реттеу үшін Қазақстанға келеді

Олар отандық мамандардың киіктер популяциясын реттеу туралы шешімінің биологиялық негіздемелерін жасауға көмектеспек. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Айта кету керек, елімізде түз еркелерінің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Қазір олардың саны 2 млн-нан асқан. Салалық министрлік биыл республикалық штаб құрылып, агрономдармен кездесулер өтіп жатқанын, ал инспекторлар аумақтарды бақылауды күшейткенін хабарлады. Сондай-ақ киіктер егіс алқаптарын бүлдірмеуі үшін түрлі амалдар қолданылып жатыр.