Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Токио Олимпиадасында Ұлттық құрама қоржыны тағы бір қола медальмен толықты. Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтан жартылай финалдық жекпе-жекте британдық Джалал Яфай басым түсті. Отандасымыз 52 келі салмақта қолғап түйістіргенін еске салайық.
Бұл 24 жасар Сәкен Бибосынов үшін алғашқы Олимпиада ойындары болғанын айта кеткен жөн. Отандық шаршы алаң шебері 2019 жылы Екатеринбургте өткен Әлем чемпионатының және 2021 жылы Дубайдағы Азия біріншілігінен де қола жүлде еншілеген. Әзірге бұл – ел қоржынындағы 5-ші және боксшылар құрамы жеңіп алған 2-ші қола медаль.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов