«Қазақконцерт» жаңа маусымын ашты

Өнер үшін шектеу жоқ. Қазақстанда қыркүйектің 28 мен 3 қазан аралығында    «Әлем саз» атты 2-халықаралық фестиваль өтеді. Елордада Түркия, Жапония, Германия мен Венгрия және басқа да елдерден келген түрлі бағыттағы бірегей музыкантар бір сахнада тоғысады. Әуенді де әуезді байқау «Қазақконцерт» ұйымының таяуда ғана шымылдығын түрген 63-ші маусымындағы алғашқы ірі халықаралық шара болмақ. Бұл жөніде өнер ошағының директоры Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Ал, желтоқсан айында түркі халықтарының дәстүрлі өнерінің майталмандары Астанада бас қосады. Біртұтас шығармашылық орта құру мақсатында Қазақстан, Түркия, Якутия, Мажарстан мен Қырғызстандық музыканттар «Көшпенділер әлемі» халықаралық фестивалінде өнерін ортаға салады. Сонымен қатар, жаңа маусымда да қазыналы қазақ өнерін дүниежүзіне насихаттау қамында жергілікті сахна саңлақтары әлем елдерін араламақ.     

Ақтоты Райымқұлова, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры: 
-Әрине, осы 63-ші концерттік маусымда халықаралық біздің концерттік гастрольдер де болады деп жоспарлап отырмыз. Қытай, Түркия, Франция, Америка Құрама Штаттарына,  Сербияға шығатындай болып біздің өнерлеріміздің жұлдыздары, ұжымдары мен жеке солистері осы елдерге барып жеке концерттерін және гало концерттерін көрсетеді деп үміттенеміз.

Айта кетейік, өткен маусымда отандық өнер ошағының ұжымы әлемдік турне аясында бірнеше халықаралық гастрольге шықты. АҚШ, Бразилия, Оңтүстік Корея, Орталық Азия мен Еуропа елдерінің өнер сүйер қаумы 35 концерт пен 2 спектакльдің қызығына қанықты.